Мексикалық боксшы Сауль Альварес 15 қыркүйекте Геннадий Головкин өз сөздері үшін жауап беретінін айтты.

«Головкинге деген аз ғана құрметім бітті. Ол өз сөздерімен шектен шығып кетті. Олар тым жыламсырап жүр. Бұл екінші жекпе-жекте маған пайда тигізуі мүмкін. Әр сөзі үшін жауап беретінін көрсеткім келеді», - дейді Канело.

Айта кетейік, боксшылардың рематчы қазақстандық уақытпен 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.