Бүгін Азия ойындарындағы балуандар бәсекесі мәресіне жетеді. Prosports.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме бере отырып, грек-рим күресі шеберлерінің нәтижесін назарларыңызға ұсынады.

130 келі. Аса ауыр салмақтағы Нұрмахан Тінәлиев финалда белдеседі! Нұрмаханның ақтық сындағы қарсыласы - өзбекстандық Момынжан Абдуалиев.

Тінәлиев ширек финалда Индонезия, жартылай финалда Жапония спортшысынан 6:0 есебімен басым түскен болатын.

87 келі. Ерұлан Ысқақов Оңтүстік Корея өкіліне есе жіберді.

77 келі: 1/8 финалда филиппиндік балуанды 8:0 есебімен жеңген Асхат Ділмұхамедов екінші айналымда ұтылып қалды.