Азия ойындарының бүгінгі жарыс күнінде волейболшылар мен көгалдағы хоккейшілер сынға түсіп, қарсыласқа есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Көгалдағы хоккейден Қазақстан ерлер командасы Бангладештен 1:6 есебімен ұтылып қалды.

Қазақстан командасы сапынан бір доп соққан Ермек Ташкеев қана көзге түсті.

Волейболдан ерлер құрамасы Жапониямен кездесіп, 2:3 есебімен ұтылды.

Матч барысында қазақстандықтар екі мәрте алға шыққанымен, шешуші партияда жапондардың мерейі үстем болды.