«Астананың» шабуылшысы Танат Нөсербаев «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне «Ақтөбемен» келісімшартқа отырмағандығын айтты.

Нөсербаевтың ай соңында «Астанамен» келісімшарты аяқталады. Сол себепті ойыншы қазіргі таңда өзіне клуб іздестіруде. Танаттың айтуынша, оған «Ақтөбеден» ұсыныс келді, бірақ ол әлі келісімшартқа қол қоймады. Жаңа жылға дейін қай командаға ауысатындығы белгілі болады.