Азия ойындарында су добынан әйелдер командасы арасындағы бәсекелер аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Соңғы матчта Жапония құрамасын 12:11 есебімен жеңген қазақстандықтар Азия ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Қазақстан қыздар командасы 5 кездесудің төртеуінде жеңіске жетті.

Алтын медальді барлық матчта қарсыластарынан басым болған қытайлықтар иеленсе, қола жүлде Жапония қыздарына бұйырды.

Осылайша, су добының шеберлері Қазақстан құрамасына Азия ойындарындағы оныншы медальді сыйлады.