Азия ойындарында жағажай волейболынан бақ сынап жатқан қазақстандық ерлер жұбы Алексей Кулешов пен Александр Бабичев іріктеу кезеңінде екінші кездесуде де жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

С тобында өнер көрсететін А.Кулешов/А.Бабичев (Қазақстан) алғашқы айналымда Нордин/Раджа (Малайзия) жұбын 2:0 есебімен жеңген болатын.

Бүгін екінші кездесуінде Қытайлық Тайпей командасын 2:0 есебімен жеңді.