1992 жылы Барселонадағы Олимпиада ойындарының чемпионы, кубалық Хоэль Касамайор 15 қыркүйекте өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегіне болжам жасады.

- Меніңше, Канело жеңіске жетеді. Нокаут бола ма? Кез келген нәрсе болуы мүмкін. Бірақ Канело Головкиннен айласын асырып, оған қысым жасайды деп ойлаймын, - деді Касамайор.

Головкин мен Канело арасындағы рематч 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Қазақстан уақытымен бокс кеші 16 қыркүйекте таңғы 6:00-де басталады.