«Тобыл» командасының шабуылшысы Таңат Нөсербаев Премьер лиганың 24-ші туры аясында өтетін «Қайсарға» қарсы матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұған себеп, футболшы өткен турда «Атырауға» (2:1) қарсы ойында қызыл қағаз алғаны болып отыр.

31 жастағы футболшы биыл «Тобыл» сапында 18 ойынға қатысты.