«Астана» командасының экс-бапкері Йоан Андоне жақын арада ресейлік командалардың бірін жаттықтырады, деп хабарлайды шетел баспасөз өкілдері.

«Ресейден бірнеше ұсынысты күтудемін. Не болатынын көреміз» — дейді румындық маман.

Естеріңізге сала кетсек, Андоне соңғы жылдары «Аль-Иттифак», «Аль-Ахли», софиялық ЦСКА, бухаресттік «Динамо» және «Рапид», Клуждың «ЧФР» командасы мен елордалық «Астананы» жаттықтырған.