Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстанның қоржынына тағы бір медаль түсті.

Қазақстандық балуан Саятбек Оқасов тәжікстандық қарсыласын 5:2 есебімен жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл Қазақстанның осы Азиададағы екінші медалі. Бұған дейін шпагашы Дмитрий Алексанин алтын медаль ұтып алған болатын.