«Жетісу» командасының бас бапкері Омари Тетрадзе «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында командада қалатындығын жеткізді.
- Омари Михайлович, «Жетісуде» қалатын болдыңыз ба?
- Иә. Келісімшарттым бар емес пе. Жұмысымды соңына дейін атқарам.
- Ресейден ұсыныстар келген жоқ па?
- Бұл туралы әңгіме қозғағым келмейді. Бірақ ұсыныстар болды.
- Қаржы мәселесі шешілді ме?
- 18-ші желтоқсан күні жиналыс өтеді. Бәрі сәтті аяқталады деген ойдамын. Ақша берілген соң бірақ, жаңа ойыншыларды қарастыра бастаймыз.
Комментарии