Елордалық «Астананың» бұрынғы шабуылшысы Патрик Твумаси өзінің дебюттік ойынын «Барселонаға» қарсы өткізуі мүмкін.

Твумаси негізгі құраммен алаңға шықпаса да, резервтегі тізім қатарында.

Еске салайық, 27 шілдеде бұрынғы «Астананың» бұрынғы ойыншысы «Алавеске» ауысуы туралы ресми түрде расталды. Бұқаралық ақпарат құралдары 3 миллион еуроға ауысқаны туралы айтқан болатын.

Негізгі құрам тізімі төмендегідей:

«Барселона»: Тер Стеген, Семеду, Пике, Умтити, Альба, Ракитич, Бускетс, Роберто, Дембеле, Месси, Суарес.

«Алавес»: Пачеко, Дуарте, Лагуардия, Марипан, Мартин, Торрес, Вакасо, Гарсия, Хони, Гомес, Собрино.

«Депортиво Алавес» клубы каталондық клубпен 19 тамызда Астана уақытымен 2:15-те кездеседі.