Атақты шотландиялық теннисші Энди Маррей ВВС-дің қорытындысы бойынша Ұлыбританияның жыл спортшысы атанды, деп хабарлайды SuperSport.

Үздік үштікке Маррейден басқа Регбиден Уэльс құрамасының мүшесі Ли Халфленни мен әйгілі шабандоз Тони Макка енді.

Естеріңізге сала кетсек, Маррей 2013-ші жылы мансабындағы ең маңызды — «Уимблдон» турнирің ұтқан болатын. 77 жыл бойы бұйырмай келген жүлдені биыл Маррей отандастарына сыйлады.