Армения құрамасы мен «Ақтөбенің» қорғаушысы Роберт Арзуманян аяқталған маусым жайлы және Армяндық ойыншылардың Қазақстанға келуі туралы алға тартты.

«Әрине, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықсақ жақсы болар еді, дегенменде маусым біз үшін сәтті аяқталды.

Армян футболшыларының Қазақстанға ауысуының себептері көп. Біріншіден, тілден  қиналмаймыз. Орыс тілін бәрі біледі. Менталитетіміз де бір-біріне жақын. Бұған қоса Қазақстан чемпионаты да мықты.   

Бізде Армения біріншілігінде жақсы ойыншылар көп. Олардың көбі Қазақстанда да ойнай алады. Қазақстан чемпионаты аты шыққан ойыншыларды сатып алуға шамасы жетеді. Ресей премьер-лигасындағы футболшыларды сатып алуға каржылары бар. Арменияда бұл тұрғыда қиындау », - дейді Арзуманян armfootball.com. сайтына.