Сексуалды дәмешілдік көрсетті деп бес ай бұрын айыпталған қазақстандық спортшы Азамат Теңізбаев әлі Лондонда.

Алғашқы сот отырысы қаңтардың 6-на жоспарлаған. Әзірше қандасымызға еркіндік берілмеген. Заңгердің ақысын төлеп Азаматты кепілдікке шығару үшін ата-анасы пәтерін сатуға мәжбүр болды.Анасы Жазира Тілешеваның айтуынша құқыққорғаушы өз жұмысы үшін 7 мың доллар сұраған. Процесстің екінші кезеңіне де дәл сондай сома қажет. «Пәтерімізді сатып жібердік. Туған-туысқандар мен Азаматтың жеке бапкері көмектесті. Өткен аптада Астанаға барып Федерация басшыларымен кездестім. Олар қосымша 8000 доллар берді", - дейді Тілешева.

Естеріңізге сала кетсек, оқиға шілденің 24-де болған, Таэквандодан Қазақстанның жастар құрамасы Мексикада өткен әлем чемпионатынан Лондон арқылы ұшып келе жатқан. Азаматтың қасында отырған жолаушы қыз стюардессаға шағымданып, спортшыны дәмешілдік білдірген деп айыптады. Ұшақ «Хитроу» әуежайына қоғанда Теңізбаевті сақшылар құрықтаған.

«Құқыққорғаушының айтуынша, оқиға ұшақ ішінде болғанда ешқандай куәгер болмаған, ұлым, кінәлі еместігін алға тартуда, ол бар болғаны ұшақта ұйықтап кетіпті, сол кезде басы қыздың иығына тиген көрінеді. Алайда Азамат бірден кешірім сұрады. Әлгі қыз сонда да кінәлап отыр баламды", - деп қосты спортшының анасы.