Джакартадағы Азия ойындарында командалық спорт түрлерінен топтық кезең матчтары басталып кетті, деп жазады Olympic.kz.
Су добынан Қазақстан қыздар командасы бүгін екінші кездесуін өткізді.
Қазақстандық спортшылар Таиланд командасымен кездесіп, 13:4 есебімен жеңіске жетті.
Команда сапынан ең көп ұпай жинаған - Анастасия Миршина. Ол қарсылас қақпасына 5 доп соқты.
Еске сала кетейік, кеше Қазақстан командасы Қытай құрамасына 4:11 есебімен жол берген еді.
Комментарии