«Шын жүйрікке тұсау жоқ». Жер бетіндегі ең жүйрік адам Усэйн Болт адамзатты таңғалдыруын қояр емес, деп жазады 24.kz.

Бұл жолы 6 дүркін олимпиада, 8 дүркін әлем чемпионы автобуспен жарысып, алғашқы секундта-ақ озып кетті. Мәреге жолаушылар көлігінен бір метрге бұрын жетті. Естеріңізге сала кетейік, ямайкалық Усэйн Болт - екі олимпиада Бейжің мен Лондонда қатарынан алтыннан алқа таққан тарихтағы тұңғыш желаяқ. Жеңіл атлетші 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындарына да қатысатынын мәлімдеді.