«Барыс» хоккей клубы шабуылшы Мэттью Фрэттинмен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Ойыншы 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін бір жақты келісімшартқа қол қойды.

ҚХЛ-дағы алғашқы маусымын «Барыста» өткізген – ол 42 матчқа қатысып, 29 (11+18) ұпай жинады. Кейін маусымды Швейцария чемпионатында «Лозанна» клубында жалғастырды.