Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанинге үш бөлмелі пәтер табыс етілді.

Тәуелсіздік мерекесіне орай Өскеменде өткен салтанатты шарада сонымен қатар елге еңбегі сіңген, өз саласының майталмандары атанған біршама тұлғаларға мемлекеттік наградалар мен құрмет грамоталары берілді.