Әлемдегі ең үздік велотрек шеберлері Швейцарияның Эгле қаласында бас қосып, өзара мықтыны анықтап жатыр. Жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода жүздеген қатысушыны жинады.

Олардың арасында жерлестеріміз де бар. Жарыстың алғашқы күні қазақстандық құрама өкілдері жүлделі орынға іліге алмады. Ең тәуір көрсеткіш ерлер және қыздар арасындағы командалық спринтте. Андрей Чугай, Дмитрий Резанов және Виктор Головтан құралған команда жалпы есепте 8-орынға тұрақтады. Қыздарымыз да дәл осындай нәтиже көрсетті.

Ал скретч бәсекесінде ел намысын қорғаған Әсем Төлемісова 39 қатысушының арасында 17-орынға орналасты. Айта кетейік, әлем чемпионаты 19 тамызға дейін жалғасады. Оған дейін жерлестеріміз тағы бірқатар қашықтық бойынша медальға қол созып көреді.