Джакартада өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында баскетболдан (5x5) Қазақстан ерлер командасы топтық кезеңдегі алғашқы кездесуінде ұтылып қалды.

Қазақстан командасы Филиппинге қарсы ойнаған болатын.

Төрт кезең қорытындысы бойыншы қазақстандықтар 59:96 есебімен қарсыластарына жол берді.

Кеше Қазақстан қыздар командасы да алғашқы матчта Қытайлық Тайпейден ұтылған еді.

Баскетболдан ерлер командасы Азия ойындарында D тобында сынға түсуде.