Ұлыбританиялық MMAPlus.uk сайтының журналисі Бен Смит осылай деді.

«Ашығын айтқанда, Головкин мен «Канело» арасындағы текетірес трилогияға айналады. Екінші жекпе-жекте ауыр нокаут болмаса, бізді үшінші кездесу күтіп тұр. Екеуі бір-біріне мықты қарсылас. Екінші жекпе-жектен кейін дау шығып, үшінші жекпе-жек өткізілсе таңғалмаңыздар. Бұл қосымша қаражат табуға жақсы мүмкіндік», - деді Смит.Еске салайық, қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған.