«Шахтер» ФК спорттық директоры Ұлықбек Асанбаев «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында команданың жағдайын баяндады.

- Ұлықбекбек Пархитдинұлы, Виктор Кумыков командада қалатын болды ма?

- Иә. Тағы бір маусым Қарағандыда жұмыс істейтін болды.

- Қонысбаев, Дмитренко мен Джолчиев «Шахтерге» көшіп алды деген сыбыс бар. Қаншалықты рас?

- Жоқ. Әзірше келісімшарт жасасқан жоқпыз. Аталған ойыншылардың келісімшарттары қаңтарда дайын болады.

- Алдағы маусымға дайындық-жоспар қалай?

- Барлығымыз демалыстамыз. Қаңтардың тоғызында бас қосамыз. Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттану жоспарда бар.

- Келер жылға қандай мақсат қойылды?

- Қазақстан чемпионатын ұтып, Еурокубоктарда сәтті ойнауді көздеп отырмыз.

- Каньяс маңындағы ұзын-сонар әңгімелер аяқталды ма?

-Иә. Донецкілік «Металлургке» көшті. Құжаттарын рәсімдеп алды