Лионель Месси алдағы уақытта Аргентина құрамасындағы мансабын тоқтатуды ұйғарды, деп хабарлайды Prosports.kz eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.

Месси Аргентина құрамасынан уақытша кетуге шешім қабылдаған.

Ол құраманың алда болатын жолдастық кездесуіне шықпайды. Аргентина футбол федерациясы аяқдопшының алған үзілісі тек уақытша екенін алға тартса, футбол сыншылары Мессидің құрамаға қайтып оралмауы да мүмкін деп отыр.