«Арсенал» ФК бас бапкері Арсен Венгер Ағылшын премьер-лигасының 16-шы турында «Манчестер Ситиден» (3:6) ұтылуына не себеп болғанын айтты. 

«Бүгінгі күн сәтсіз болды. Алты гол жіберуіміздің басты себебі тәртіпке байланысты. Фламинидің кетуі де әсерін тигізбей қоймады. Алты голдың  бесеуін қарсыластарға біз сыйладық. Ең мықты қорғанатын команда деген атымыз жермен жексен болды. Өзіміз де мүмкіндіктерді іске асырмадық. «Сити»? Олар бүгін ең жақсы ойын өрнегін паш етті. Чемпиондыққа таласатын бірден-бір команда. Бірақ биылғы жылы «Эвертон»,  «Саутгемптон» сияқты командалар да күшейіп алған», - деді Венгер.