«Жастар» стадионында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатының екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» «Динамо-Қазан-2» командасын қабылдады.

Аталмыш кездесу айдын иелерінің басымдылығымен өтіп, 6:0 есебімен аяқталды. 15 желтоқсан күні қос команда екінші матчын өткізеді. Мұның алдындағы ойындарда «Ақжайық» Краснотурьинскінің «Динамо-Маяк» командасымен екі мәрте 5:5 есебімен тең түскен болатын.

Екінші топта 14 ұпай жинаған «Ақжайық» бұрынғысынша үшінші орында келеді.