Қазақстандық Кирилл Герасименко үстел теннисі бойынша әлемдегі ең үздік 50 спортшының қатарына кірді.

Айта кеткен жөн, жерлестеріміз арасынан ешкім бұрын-соңды бұндай жетістікке жеткен жоқ. Тіпті алдыңғы жүздіктің қатарына енудің өзі арман болатын. Ал Кирилл осы арманға қол жеткізе алды және онымен тоқтап қалмақ емес. Ол алдағы жоспарларын «Sports Nation» бағдарламасындағы әріптестерімізге айтып берді.

- Азаматтық ауыстыруға қатысты басқа елдерден ұсыныстар болды. Оның ішінде Нидерланды, Ресей және Австрия бар. Бірақ мен түбегейлі бас тарттым. Өйткені өзім туып-өскен елдің намысын қорғағым келеді, - деді үстел теннисінен ұлттық құраманың мүшесі Кирилл Герасименко.