Қорғаушы Эдуард Михайлов мансабын «Алтай Торпедо» командасында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 жастағы Новокузнецк хоккей мектебінің түлегі «Алтай Торпедо» командасының Астанадағы жаттығу лагеріне келіп, клубпен бірге жаттығуды бастап кетті.

Эдуард өскемендік команда сапында 33-ші номерлі жейдемен өнер көрсетеді.