Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Мэнни Пакьяо спорттық мансабын 2018 жылы аяқтайтынын айтты. «Мэнни спорттан кеткенше үш жекпе-жек өткізеді. Бірінші жекпе-жек 2018 жылдың соңында ұйымдастырылады, 2019 жылға тағы екі кездесу жоспарланған», - деді Арум Manila Bulletin басылымына берген сұхбатында.