Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен чехиялық «Сигма» матчында төрелік ететін қазылар анықталды.

Матчтың бас төрешісі швейцариялық Сандро Шерер болмақ. Оған отандастары Сладан Йосипович, Беким Зогай мен Федайи Сан көмектеседі.

Шерер бұған дейін 2016 жылы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» - «Жальгирис» матчында қызмет еткен. Ал былтыр әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Румыния – Қазақстан ойынында төрелік жасады.

«Қайрат» - «Сигма» матчы 16 тамызда Алматыда өтеді.