Футболдан Англия Премьер-лигасының 1-турында лондондық «Арсенал» мен «Манчестер Сити» кездескен.

Ағылшын чемпионы матчтың басында-ақ алға шықты. 14-минутта Рахим Стерлинг қанжығасын майлады. Ал екінші таймда Бернарду Силва есепті еселеді – 2:0.

Унаи Эмери «Арсеналдың» бас бапкері қызметіндегі ресми дебютін сәтсіз бастады.