БАТЭ ойыншысы Филипп Рудик «Атырау» сапына ауысты, деп хабарлайды белорусь клубының ресми сайты.

Филипп Рудик БАТЭ-ге 2011 жылы келген болатын. Командада өткізген екі жыл ішінде ол ел біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы атанды. Барлығы БАТЭ сапында Филипп 76  кездесуге қатысып, 7 рет көзге түсті.