Әлеуметтік желіде "Аурум 898" клубының қонақтары мен мекеме күзетшілерінің төбелесі жарияланды.

Қайғылы оқиға тамыздың 8-нен 9-на қараған түні болған. Қайтыс болған жігіт ММА-ден Өзбекстан чемпионы Джамшид Кенжаев. ІІБ-ның мәліметінше, Кенжаевқа мекеме күзетшілері кеуде тұсына пышақ сұқты. Бірақ жаға жыртысты астаған спортшының өзі.

Ақпарат бойынша Кенжаев күзетшіге пышақ жарақатын салғын, артынша бірнеше жігіт оны жерге құлатып соққының астына алды. Бас прокуратура қару қолданған күзетші Шоидали Киличовты қамауға алған. Тергеу жалғасып жатыр.