Елордалық «Барыс» хоккей клубы өз алаңда «Сибирь» (Ресей, Новосибирск) командасынан жеңілді.

Ойынның бірінші кезеңінде «Барыстың» хоккейшілері қарсыластың қақпасына екі шайба соқса, екінші кезеңнің ортасында өз басымдығын 3:0-ге дейін жеткізді. Алайда үшінші кезеңде есеп теңесті. Ал матчтың аяқталуына бес минут уақыт қалғанда, «Сибирь» тағы бір шайбаны соғып, алға шықты. Қорытынды есеп - 3:4.

«Барыс» (Астана) – «Сибирь» (Новосибирск) 3:4 (2:0, 1:2, 0:2)

1:0 – Старченко (Семенов, Баркер) – 10:30

2:0 – К. Романов – 18:50

3:0 – Бойд (Ландин, Баркер) – 33:59

3:1 – Игнатушкин (Карамнов, А. Романов) – 37:16

3:2 – Копейкин (Игнатушкин) – 39:10

3:3 – Игнатушкин (Моня) – 46:39

3:4 – Моня (Игнатушкин) – 56:12

Қақпашылар: Еремеев – Коскинен