«Ордабасы» командасының шабуылшысы Жасұлан Молдақараев Премьер лиганың 22-ші туры аясында өтетін «Шахтерге» қарсы матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұған себеп, футболшы өткен турда «Тобылға» (1:1) қарсы ойында сары қағаз алғаны болып отыр. Бұл оның осы маусымда төртінші мәрте сары қағазбен жазалануы болатын.

31 жастағы футболшы биыл «Ордабасы» сапында үш ойында алаңға шықты.