Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқармасының қызметкері дәлелдерді фальсификаттау үшін велошабандоз Александр Винокуровтың анкеталық мәліметтерін пайдаланған, - деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі

Бұл туралы СҚО прокуратурасының өкілдері мәлімдеді.Прокурорлар есірткі сақтау және сату бойынша 35 жалған істі әшкерелеген. «Арнайы прокурор есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқармасының қызметкеріне қатысты 13 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде қайтыс болған адамдардың есімі, ойдан құрастырылған есімдер және бір істе велошабандоз Винокуровтың мәліметтерін тіркеген. Құзырлы органның актісімен облыстық есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқармасының (ЕБҚКЖБ) жеке құрамы мен басшылығы жұмыстан босатылды» , - делінген құзырлы ведомствоның хабарламасында.