Футзалдан ел біріншілігінің кезекті турында  «ӨзенМұнайГаз» клубын қабылдаған «Қайрат» клубы айқын жеңіске жетті.

Бір-бірінің аяғынан шалып итеріскен қос тарап аянып қалмады. Есепті Алешандре ашты, «ӨзенМұнайГаз» ойыншылары таразы басын жылдам теңестіді. Артынша «Қайрат» қатарынан үш гол соғып қарсыластың сағын сындырды.

Екінші таймда жанкүйерлер Баронның голынан басқа тәуір ештеңе көре алмады. Жаңаөзендіктер ойын соңында жиі ереже бұзып тәртіпсіздікке бой алдырғанын айта кеткен жөн.

Деңгейі қарсыласқа қарағанда әлде-қайда жоғары көрінген «Қайрат» кезекті үш ұпайны қол жеткізді.

Футзал. Қазақстан Чемпионаты. 5-і тур. Бірінші тур.

«Қайрат»-«ОзенМұнайГаз» - 5:1 (4:1)

Голдар: Алешандре 3, Жоан 12, Пенгрин 17, 19, Барон 30 – Арсланов 9

«Қайрат»: Халявин, Игита, Жаманқұлов, Пенгрин, Сүлейменов, Алешандре, Мурзабаев, Космухамбетов, Барон, Парух, Жоан, Бетао, Балтабаев

«ӨзенМұнайГаз»: Кенжебаев, Мамае, Ешанов, Есенбаев, Даулетов, Каракулов, Шамро, Кононенко, Жумагалиев, Элибаев, Тожибаев, Арсланов, Умаров, Жанузаков

13 желтоқсан 2013ж. «Қайрат» СК. Алматы.