Бүгін Испанияда өтіп жатқан «Вуэльта Бургоса» көпкүндігінің үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл кезеңде Астана» командасының колумбиялық шабандозы Мигель Анхель Лопес топ жарды. Ол Androni Giocatoli-Sidermec командасының намысын қорғайтын отандасы Иван Соса мен Sky клубының шабандозы испаниялық Давид Де Ла Крустің алдын орап кетті.

Естеріңізге сала кетейік, аталған турнир 7-11 тамыз аралығында Испанияда өтеді.