Бүгін елордамыздың «Барыс Арена» спорт кешенінде басталған шайбалы хоккейден Президент кубогы халықаралық турнирі аясында Қазақстан құрамасы мен «Нефтехимик» командасы арасында өткен матчта ойыншылар жаға жыртысыты, деп хабарлайды prosports.kz.

Ойынның 58-ші минутында «Нефтехимик» командасының қорғаушысы мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы өзара келіспей қалды. Нәтижесінде төреші қос ойыншыға да тәртіпсіздігі үшін бес минуттан жаза тағайындады.