«Астана» ФК капитаны Қайрат Нұрдәулетов «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне  Вадим Абрамовпен таныс еместігін айтты.

«Абрамовтың командадан кеткенін жаңа ғана білдік. Басшылықтың неге мұндай шешім қабылдағанын мен білмеймін. Абрамовтың өзімен де жақын таныса алмадық. Жуырда оқу-жаттығу жиынына аттану керек болғанбыз. Енді қалай боларын білмеймін. Жаңа бапкерді күтеміз», - деді.