Испанияның Бильбао қаласында УЕФА-ның алқалы жиыны өтті. Отырыста футзалдан «Төрттік финал» кубогы өтетін қала белгілі болды.

Аталмыш турнир сәуірдің 24-і мен 27-і аралығында өтеді. Естеріңізге сала кетсек, УЕФА кубогын үшін алматылық «Қайрат», алаң қожайындары «Араз», мәскеулік «Динамо» және испаниялық «Барселона» таласады. Алматы қаласы да «Төрттік финалды» өткізуге өтініш білдірген. 2011 жылы бұл турнир алыпшаһарымызда өткен. УЕФА тарапы ақтық бәсекенің Әзірбайжанда өтуін мұқұлдады.