Кеше Көкшетаудағы «Бурабай» спорт сарайында Бірінші республикалық ауыл жастары ойындарының салтанатты ашылу салтанаты болды.

Көкшетауға негізінен еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарынан, сондай-ақ Алматы қаласынан спортшылар келді. Жарыс спорттың бес түрі бойынша 12-15 желтоқсан аралығында өтеді. «Көкшетауда шаңғы базасында – шаңғы жарыстары бойынша, «Бурабай» спорт сарайында – шайбалы хоккей мен конькимен жүгіру спорты бойынша, Щучьеде ЦСКА шаңғы базасында – биатлон, «Дискавери» демалыс үйінде – спорттық бағдарлау бойынша»,- деп нақтылады ішкі саясат басқармасында.