Канадалық аралас жекпе-жек майталманы Джордж Сент-Пьер Хабиб Нурмагомедов және Конор МакГрегор жұбының жеңімпазымен кездесу үшін октагонға қайта оралмақ.

«Хабиб - Конор жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесу қызық болар еді. Өзімнің жағдайымды жақсартып, қосымша қаржы табуға жақсы мүмкіндік. Дегенмен бұл мен үшін таптырмас мүмкіндік болғанымен, UFC үшін тәуекел, - деді Сент-Пьер.