«Реалдың» президенті Флорентино Перес «Тоттенхэм» шабуылшысы Харри Кейнді қатарға қосу үшін барлық шараларды жасап бағуда, деп хабарлайды Propsorts.kz

Don Balon-ның мәліметінше, «Реал» Англия құрамасының шабуылшысы үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын. Ойыншының өзіне 30 миллион еуро жылдық жалақы ұсынылады екен.

Бұған дейін, 25 жасар ойыншының «Реалға» ауысуға қарсы болғаны хабарланған болатын.

Өткен маусымда шабуылшы 48 ойында 41 гол салған екен.