«Миланның» спорттық директоры Леонардо Араужо «россонеридің» экс-ойыншысын көмекші ретінде қызметке тартқысы келетінін айтты. - Кака «Миланды» жақсы көреді, сондықтан қайтып оралады. Ол менің көмекшім болмақ. Өзінің қызығушылығы бар. Клубтағы ішкі жағдаймен танысып шығуды жоспарлап отыр, — деді Леонардо.