«Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анри команданың неміс жұлдызы Месут Өзіл жайлы сыр шертті.

«Онымен бір командада ойнағым келеді. Оның ойын өрнегі Робер Пиреске ұқсайды. Ылғи да, керек кезде пас беріп, қажетті голды соға алады. «Арсеналдың» қазіргі жеңістері көбінесе Өзілдің арқасында», – дейді Анри «Sky Sports» телеарнасына.