Аргентиналық теннисші Хуан Мартин дель Потро «Clarin» басылымы бойынша 2013 жыл қорытындысы нәтижесінде өз елінің үздік спортшысы атанды. 

Дель Потро биылғы маусымда - Роттердам, Вашингтон, Токио мен Базельде топ жарды. Бұдан басқа әлемнің бесінші ракеткасы атанды. Маусым барысында Дель Потро Новак Джоковичті, Рафаэл Надаль, Роджер Федерер мен Энди Маррейді ұтқан болатын.

«Мен үшін табысты жыл болды. Маусымды сәтті аяқтадым», - дейді Дель Потро.