Назарларыңызға «Маккаби» мен «Шахтер» матчы алдындағы баспасөз-маслихатың ұсынамыз. Журналистердің сұрақтарына «Шахтердың» бас бапкері Виктор Кумыков пен ойыншыс  Алдин Джидич жауап берді.

- Біз үшін бұл ойын өте маңызды. Кездесуде жеңіске жетсек келесі жылы Еуропада еленген клубтарының қатарына кіреміз. «Маккаби» де жеңісті көздейтіні анық. Қолдан келгенді істейміз - деді Виктор Балютович

- Қарсыластарымыз мықты, бірақ жеңіске жетуге тырысамыз. Еленген командаларының қатарына кіруіміз қажет. «Маккаби» ойынында кемшіліктері бар, соны пайдалануымыз керек - деп қосты Алдин Джидич. 

- Виктор Балютович, «Маккаби» алаңға негізгі ойыншыларын шығарады, сіздің құрамыңыз қандай болады?

- «Маккабиде» кімдер ойнайтынын білмеймін, бірақ біздің құрамамыз толық емес. Жарақат алған ойыншылар бар. Кеше ғана негізгі қақпашымыз Мокин жарақат алды.

- «Маккаби» мен «Шахтердің» ұпайлары неліктен аз, қандай кедергілер болды?

- «Маккаби» туралы ештеңе айта алмаймын. Біздің сәтсіз ойнаумыздың бірнеше себептері бар. Біріншіден, бұл тәжирібенің аздығы. Алғашқы рет мұндай жарысқа қатысып отырмыз. Екіншіден, ойыншылардың жетіспеуі. Қазақстан чемпионатының регламентіне сәйкес,  біз топтық кезең алдында командамызды жаңа ойыншылармен толықтыра алмадық.