Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев өзінің соңғы жекпе-жегіндегі қызықты сәттің видеосын жариялады.

Бұл үзіндіде Әшкеев эквадорлық Эдуардо Флореске жойқын соққы бағыттап, соңғысының аузынын капа ұшып кеткен болатын. Бірақ рефери жекпе-жекті тоқтатпаған соң, Мадияр қарсыласына соққыларын жасай берді.

Атлантикте өткен бұл кездесуде Мадияр қарсыласын төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.