«Ақтөбе» - «Астана» (1:1) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін ақ-қызылдардың бас бапкері Владимир Муxановтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

- Ойын өте қиын жағдайда өрбіді. «Астана» «Динамо» (Загреб) командасына қарсы кездесуге дайындалып жатыр. Сондықтан болар, қарсылас команда сапында жаңа ойыншалар алаңға шықты. Ал матчқа келер болсам, біз бүгінгі ойында көп күш жұмсап, көп эмоцияға бой алдырдық. Бұл жағдай ұтымды ойын көрсетуге кедергі болды. Дегенмен, мен командамның ешбір ойыншысына тас атқым келмейді. Себебі, ерекше құлшыныс болған кезде, барлығын жылдам жасауға асығасың. Бұл жағдай ойынға құрған жоспарды дұрыс орындауға кедергі болады. Егер гол соғатын мүмкіндіктер туралы айтар болсам, «Астанада» ондай сәттер көбірек болды. Алайда, бізде де есепті еселейтін сәттер болды. Ойын нәтижесі заңды деп ойлаймын